28 марта 2022
697

«Әлем таныған Әуезов»

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Әлем таныған Әуезов» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында білім алушылар жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы мағлұмат алды.
Мақсаты: Мұхтар Әуезовтың зерделігі мен ұлылығын үлгі ете отырып, білім алушылардың өз ойын еркін айтуға, шындықты қабылдау, намысты, әділетті болуға, жазушы шығармалары арқылы тәлім-тәрбие беру, елін сүюге тәрбиелеу.
М. Әуезовтің Абайды әлемге танытқандығы, ал Абай арқылы өзінің әлемге танылғандығы туралы айтылды. Сондай-ақ, білім алушылардың орындауында ән мен күй тартылып, баяндамалар тыңдалды.