30 Сәуiр 2025
6

Таза Қазақстан - адал азаматтың таңдауы

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев айтқандай, тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек.

«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз «80 жылдыққа - 80 түп ағаш» экологиялық акциясына бастама бердік. Елордамыздағы Ботаникалық саябақта Бас прокуратураның қызметкерлері 80 түп ағаш отырғызды.

Бұл акцияға еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратура органдары белсенді түрде қатысады.

Бұл - Отан қорғаушыларына көрсетілген құрмет пен табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау жолындағы үлес.

Әр азамат жасыл желектерге ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді - бұл «Адал азамат» қағидасын ұстанатын азаматтың саналы таңдауы.

Әрбір ағаш - бұл қаланың тынысы, оның өмірі мен болашағы.
Б.Н. Асылов

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры