25 наурыз 2022 ж. "Рудный музыкалық колледжі" КМҚК қамқоршылық кеңесінің отырысы
Хаттата №1 25 наурыз 2022 ж. "Рудный музыкалық колледжі" КМҚК қамқоршылық кеңесінің отырысы
Хаттата №1 25 наурыз 2022 ж. "Рудный музыкалық колледжі" КМҚК қамқоршылық кеңесінің отырысы
2021 жылдың 15 ақпанында «Рудный музыкалық колледжі» КМҚК 2021 жылы қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысы өткізілді. Қамқоршылық кеңестің құрамы ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатарынан жаңа мүшелермен толықтырылды. Қамқоршылық кеңестің қазіргі төрайымы Ирина Александровна Федорчук жаңадан келгендерді 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларымен және «Рудный музыкалық колледжі» КМҚК қамқоршылық кеңесі қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ қамқоршылық кеңестің жаңа мүшелері жұмысқа белсенді қосылатынына және колледжді дамыту және өркендету мақсатында көмектің жаңа нысандарын енгізетініне сенім білдірді.
Бұдан басқа, Қамқоршылық кеңестің Төрағасын жаңа жұмыс мерзіміне қайта сайлау өткізілді. Музыкалық колледждегі жұмыс ерекшелігін білетін А. Федорчук қамқоршылық кеңестің төрайымы лауазымына көпшілік дауыспен сайланды.
Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін 2021 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылды және бекітілді.