Рудный музыкалық колледжі» КМҚК
Қамқоршылық кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
1тарау. Жалпы жағдай.
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қамқоршылық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру Үлгілік ережелері, басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
1.2. Қамқоршылық кеңесі әлеуметтік серіктестікті кеңейту және кәсіби білім беру жүйесінде қоғамдық-азаматтық басқару түрін дамыту, колледжге Жарғылық міндеттерді, студенттерді оқыту, тәрбиелеуді іске асыру саласында қолдау көрсету, оның отандық және халықаралық базардағы білім беру қызметінде, инновациялық процесстерде, аумақтық басқару органдарымен, мекемелермен, ұйымдармен тиімдірек өзара қарым-қатынас үшін бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында түзіледі.
Оның ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1.3. Колледждің Қамқоршылық кеңесі заңды тұлға болып есептелмейді. Қамқоршылық кеңесінің қалыптасуы, өкілеттігі, мақсаты, міндеттері, құқықтары Қамқоршылық кеңесінің шешімімен бекітілетін осы Ережемен анықталады.
1.4. Қамқоршылық кеңесі өзін-өзі басқару органы болып табылады, оның мүшелері ашық, еркін және тең құқық негізінде әрекет етеді.
1.5. Қамқоршылық кеңесі колледж әкімшілігімен, жергілікті атқару органдарымен, мүдделі мемлекеттік органдармен және басқа да жеке және заңды тұлғалармен тығыз байланыста болады.
1.6. Қамқоршылық кеңесінің шешімі ұсынымдық және кеңес беру сипатында болады.
2 тарау. Қамқоршылық кеңесін құру тәртібі және құрамы
2.1. Білім басқармасы өзінің интернет-ресурсында және/немесе қазақ және орыс тілдерінде әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес аумақта таралатын қайталанымды баспада Қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлама жасайды.
Ұсыныстарды қабылдау хабарлама жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде іске асырылады.
2.2. Қамқоршылық кеңесінің құрамы Қамқоршылық кеңесі үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады және Білім басқармасы немесе білім беру саласының жергілікті атқару органдары ұсынымды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітіледі.
2.3. Қамқоршылық кеңесінің құрамына енеді:
1) жергілікті өкіл, атқару және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс беруші және әлеуметтік серіктестіктер өкілдері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) колледжде оқитын әрбір курстың оқушыларының бір ата-анасы немесе заңды тұлғалары;
5) қайрымдылық етушілер (бар болса).
Колледждің басшысы немесе оның орынбасары мәжілістерге қатысады.
Қамқоршылық кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының 27.07 2007 жылғы «Білім туралы» Заңының 51 бабы 1 тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар енбейді.
2.4. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің саны тақ болады және тоғыз адамнан кем болмайды. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жыл.
2.5. Қамқоршылық кеңесі құрамының мемлекеттік органдар өкілі болып табылатын мүшелерінің саны үш адамнан аспауы керек.
2.6. Қамқоршылық кеңесінің басшысы Қамқоршылық кеңесінің мәжілісінде көп дауыс алу жолымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы болып табылады. Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңесінің төрағалығына сайланбайды және оның міндеттерін орындамайды.
2.7. ҚК төрағасының міндеттері:
2.7.1.1. Қамқоршылық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады, оның мәжілістерінде төрағалық етеді;
2.7.1.2. Қамқоршылық кеңесінің жоспарларын және бағдарламаларын әзірлейді, бекітеді және ұйымдастырады;
2.7.1.3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыстары туралы жыл сайын есеп береді;
2.7.1.4. Жалпы жиналыс шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
2.7.1.5. Қамқоршылық кеңесі мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады;
2.7.1.6. Қамқоршылық кеңесі мәжілісінің хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды;
2.7.1.7. Қамқоршылық кеңесін үкіметтің мемлекеттік органдарына, басқа да ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге, заңды және жеке тұлғаларға қамқоршылық кеңесінің қызметтеріне қатысты мәселелер бойынша оны ұсынады;
2.7.1.8. Қамқоршылық кеңесінің шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
2.7.1.9. Қамқоршылық кеңесінің қызметтеріне байланысты құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2.7.1.10. Осы Ережеге сәйкес міндеттерді алып барады.
2.8. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болмағанда оның міндеттерін Қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңесінің құрамына енетін, мемлекеттік
орган өкілінен басқа, Қамқоршылық кеңесінің бір мүшесі іске асырады.
2.9. Төраға Қамқоршылық кеңесінің атынан әрекет етеді және осы Ережеге сәйкес оның қызметтерін қамтамасыз етеді.
2.10. Қамқоршылық кеңесінің хатшысы колледж қызметкерлерінен және Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болмауы керек.
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы Қамқоршылық кеңесі мәжілісінің материалдарын және хаттамаларын дайындайды, өткізеді, ресімдейді.
3 тарау. Қамқоршылық кеңесінің негізгі міндеттері
3.1. Үздіксіз білім беру жүйесін, оқушылардың рухани және адамгершілік тәрбиесін дамытуда, олардың ісшең және кәсіби сапаларын құру және қалыптастыруға қолдау көрсету;
3.2. Разработка стратегии развития Колледждің даму стратегиясын, сондай ақ дамуға бағытталған ұсыныстар, бағдарламалар, жобаларды әзірлеу, олардың іске асуына қолдау көрсету;
3.3. Білім беру процессін ұйымдастыруға және жетілдіруге қолдау көрсету, еңбек базарын бұдан кейін дамыту есебімен музыкалық білім саласында мамандарды дайындаудың келешектегі бағыттарын анықтау;
3.4. Білім беру, шығармашылық қызметтерді қолдау;
3.5. Колледждің шетелдік және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының, соның ішінде мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жолдарымен дамуына
қолдау көрсету (өнер, мәдениет және түрлі елдердің ғылым қайраткерлерінің ынтымақтастығына қолдау көрсету);
3.6. Жас таланттардың шығармашылық өсуіне көмек көрсету, олардың жаңашылдық бастамаларын қолдау;
3.7. Студенттердің практикаларын ұйымдастырға, алдын ала бейіндік жұмыстарға, колледж бітірушілерін жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету;
3.8. Ақпараттық, қоғамдық қызметтерді іске асыруға, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге (концерттер, конкурстар, фестивальдер, олимпиадалар, конференциялар және т.б.) қолдау көрсету;
3.9. Колледждің практикалық, шығармашылық және басқа қоғамдық пайдалы қызметтерінің нәтижелерін Қазақстан Республикасында және шетелде насихаттауға қолдау көрсету.
- Қамқоршылық кеңесінің өкілеттігі
4.1. Қамқоршылық кеңесіне берілетін құқықтар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаларына қайшы болмауы тиіс.
4.2. Қамқоршылық кеңесінің айтылған міндеттерін іске асыру үшін келесі өкілеттік берілген:
4.2.1. Колледж оқушыларының құқықтарын сақтау үшін қоғамдық бақылауды іске асырады;
4.2.2. Директордың колледждің қызметі туралы әр жылғы және кезектен тыс, соның ішінде білім беру қызметтерін сапалы беру және жетім балаларды және қазақстандық азаматтардың отбасыларындағы ата-анасының қамқорысыз қалған балаларды орналастыру бойынша қабылданған шаралар туралы есептерін тыңдайды;
4.2.3. Колледждің Жарғысына өзгерістер және қосымшалар енгізу туралы ұсыныстарды әзірлейді;
4.2.4. Колледждің дамуының басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4.2.5. Колледж бюджетінің қалыптасуы бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4.2.6. Қамқоршылық кеңесі анықтаған колледждің жұмыстарындағы кемшіліктерді жою туралы білім беру саласындағы Білім басқармасына немесе жергілікті атқару органдарына ұсыныстар енгізеді;
4.2.7. Колледж басшысының бос лауазымының орнына үміткерлермен өткізілген сұқбаттасу қорытындысы бойынша хаттамалық шешімді келісді және шығарады;
4.2.8. Колледж қызметтерінің мәселелері бойынша конференцияларда, мәжілістерде, семинарларда қатысады;
4.2.9. Колледждің оқушыларға берген қызметімен, жағдайымен танысады, олармен колледж психологының қатысуымен сұқбаттар өткізеді.
4.2.10. Қамқоршылық кеңесі өкілеттігіне қатысты мәселелер бойынша ақпаратты беруде колледждің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қолау көрсетеді.
Оның ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
- Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
5.1. Қамқоршылық кеңесінің мәжілісі оның төрағасының өз еркімен, Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігінің бастамасымен шақырылады.
5.2. Қамқоршылық кеңесінің мәжілісін шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңесінің төрағасы қол қояды және Қамқоршылық кеңесінің мүшелері арқылы Қамқоршылық кеңесі қызмет ететін колледжге қажетті материалдармен, мәжіліс өткізілетін күннен жеті жұмыс күнінен бұрын жіберіледі.
Хабарламады мәжілістің өткізілу күні, уақыты және орыны көрсетіледі.
Хабарламаға баяндамашыны көрсете отырып, мәжілістің күн тәртібі, көрсетілген мәселенің күн тәртібіне қойылу себебі көзделген анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңес мүшесінің мәжіліске берген қажетті құжаттары қоса беріледі.
5.3. Қамқоршылық кеңесінің мәжілісі өткізілетіндігі туралы хабарлама алған Қамқоршылық кеңесінің мүшесі оның өткізілу күнінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңесінің хатшысына өзінің қатысатындығы немесе қатыспайтындығы туралы хабарлайды.
5.4. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қамқоршылық кеңесінің мәжілісін шақырту туралы ұсыныс түскен күннен бес жұмыс күнінен кешіктірмей шақырады.
5.5. Қамқоршылық кеңесінің мәжілісі қажеттілігіне қарай, тоқсанда бір реттен кем өткізілмейді.
Представители территориальных департаментов Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан допускаются к участию в его заседаниях в качестве наблюдателей без права голоса.
Оның ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5.6. Қамқоршылық кеңесінің мәжілісі Қамқоршылық кеңесінің барплық мүшелеріне оның өтетін уақыты мен орыны хабарланғанда, және мәжіліске мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқанда толық құқыққа ие болады. Қамқоршылық кеңесі мүшесінің басқа мүшесі үшін немесе сенімхат арқылы дауыс беруіне жол берілмейді.
5.7. Колледждің Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс бергенде бір дауыс бермеуге құқығы бар.
5.8. Қамқоршылық кеңесінің шешімі оның қатысқан мүшелерінің ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болғанда, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, егер ол болмаса Қамқоршылық кеңесі төрағасының қызметін атқарушының берген дауысы шешеді.
5.9. Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы салаға сәйкес өкілетті органға немесе білім беру саласындағы жергілікті атқару органынынаүш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
5.10. Білім басқармасы Қамқоршылық кеңесінің қабылдаған шешімі туралы ақпаратты өзінің интернет - ресурсына орналастырады.
6 тарау. Қамқоршылық кеңесі жұмысының тоқтатылуы
6.1. Қамқоршылық кеңесі жұмысының тоқтатылуы мынадай іске асырылады:
- Білім басқармасының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқару органының бастамасы бойынша;
- колледж жойылғанда және қайта құрылғанда.
6.2. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі:
1) жеке бастамасымен;
2) мәжіліске себепсіз үш рет қатарынан келмегенде Қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығарылады.
Қамқоршылық кеңесінің ереже ҚК кеңесінде мәжілісінде қарастырылды және бекітілді
«30 қаңтар» 2018 жылғы № 1 хаттама.